[:kk]Алматыда коронавирус жұқтырғандардың көбі қай жаста?[:]

[:kk]Алматыда коронавирус жұқтырғандардың көбі – 30-39 жас аралығында. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Айзат Молдағасымова “Хабар24” телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Қай елдерден келгендерін айтсақ. Шетелде жұқтырып келгендердің 40 пайызы Мәскеуден келгендер. 23 пайызы – Берлин – Алматы, 20 пайызы – Санкт-Петербург – Алматы, 17 пайызы – Минск – Алматы рейсімен келген”, – деді басқарма басшысы.

Иммунитеті жақсы адамдардың ағзасы коронавирусты өз бетінше жеңуі мүмкін – зерттеу

Сонымен қатар, Молдағасымова науқастардың жас мөлшерін атап өтті.
“Жас мөлшеріне тоқталсақ. Ауруды жұқтырғандардың басым бөлігі 30-39 жаста. Екінші орында 20-29 жасқа дейінгілер, үшінші орында 50-59 жастағы азаматтар”, – деді ол.

Оның айтуынша, науқастардың көбі – әйелдер – 52, 5 пайыз, ал ерлер – 37, 5 пайыз.

Айта кетейік, Алматыдағы коронавирус індетін жұқтырған науқастардың 3 пайызы елде жүріп жұқтырған.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp