[:kk]Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцина сынамадан өте бастағанын мәлімдеді, – деп хабарлайды “Известия”.
“Вакцинаның алғашқы сынамасы вирустың генетикалық жүйелілігі пайда болғаннан 60 күннен кейін ғана басталды. Біз зерттеушілерге тәжірибеден өткен дәрілерге жүйелі түрде баға беруді ұсынамыз”, – деді ол.
ДДСҰ басшысы әлем вирусты жеңетініне сенетінін айтты.
АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина сынамадан өткізіле бастады
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина сынамадан өткізіле бастағаны хабарланған. Бүгінде бірнеше мемлекет вакцина әзірлеумен айналысып жатыр. Мәселен, Италия бір апта бойы жануарларға арналған дәрі-дәрмек сынағын бастауды жоспарлап отыр.
Күні кеше Қытайда коронавирустың емі табылғаны хабарланды. “Фавипиравир” препараты жаңа коронавирус тудыратын пневмонияны емдеуде тиімді болып шықты. Бұл туралы ҚХР Ғылым және техника министрлігі жанындағы биотехнология орталығының басшысы Чжан Синьминь мәлімдеді.[:]