[:kk]Тоқаев арнайы жарлыққа қол қойды[:]

[:kk]Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Мен “Мемлекет қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы” жарлыққа қол қойдым. Бұл құжат мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыруға, билік вертикалін нығайтуға және дағдарыс жағдайында, соның ішінде қажет болса салық саласында барлық қажетті шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді”, – деді Президент телевизиялық үндеуінде.

Оның айтуынша, жарлық дәрі-дәрмектер мен басқа да құралдарды жеңілдетілген тәртіппен, негізінен отандық өндірушілерден сатып алуға құқық береді.

“Осылайша біз құнды уақытымыз пен қаражатты үнемдейміз, бұл төтенше жағдайларда өте маңызды”, – деді Президент.

“Сақтанғанды құдай сақтайды”. Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Еске салайық, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялаған болатын. Ал 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай жариялады.

Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9 адам. Соңғы оқиға кеше, 15 наурызда тіркелді. Вирус Алматыдағы 12 жастағы қыздан анықталды.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp