[:kk]Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы белгілі болды[:]

[:kk]Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы белгілі болды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

MMA Junkie ақпараты бойынша, қазақстандықтың қарсыласы Джордан Эспиноза болады. Америкалық спортшы UFC-де үш жекпе-жек өткізіп үлгерген: 2019 жылы бірінші кездесуінде жеңіп, кейінгі екеуінде жеңілген. Айта кетейік, соңғы екі жекпе-жегінде де “сабмишенмен” жеңілген. Ал жалпы ММА-де 14 рет жеңіске жетіп, жеті рет қарсыласына жол берген.

Жұмағұлов – Эспиноза жекпе-жегі UFC ұйымының Қазақстандағы алғашқы турнирінде өтеді. Бұл шоу 13 маусым “Астана Аренада” өтеді деп жоспарланған.

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp