[:kk]Сингапур банкі бір қызметкерінен коронавирус анықтағаннан кейін 300 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
«Эвакуацияланған 300 адам коронавирусқа шалдыққан қызметкермен бір қабатта жұмыс істеген. Оларға үйден жұмыс істеуге мүмкіндік берілді», – деп жазады ВВС.
Басылымның хабарлауынша, банк ауруға шалдыққан адамға барынша қолдау көрсететінін мәлімдеген. Сонымен қатар ол адаммен қарым-қатынаста болғандар тексеріліп жатыр.
Айта кету керек, Сингапурде коронавирусқа шалдыққандар саны 47-ге жетті. Бұл Қытайдан тыс жердегі ең үлкен көсеткіш. Жалпы Қытайда 44 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдыққан. Сонымен қатар әлемнің 20 елінде коронавирус диагнозы қойылған адамдар бар. Ал сәрсенбі күні Қытай билігі соңғы екі аптада коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайы аз тіркелгенін мәлімдеді.[:]