[:kk]Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Елшісін қабылдады[:]

[:kk]

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Имтиаз Ахмад Қазиді қабылдады. Елші Пәкістанның Сыртқы істер министрі Шах Мехмед Курешидің жолдауын табыстады, – деп хабарлайды  Alash24.kz. ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері мен даму перспективалары талқыланды.

Тараптар Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан Үкіметаралық комиссиясы 9-шы отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың уақтылы іске асырылуының маңыздылығын атап өтті (2020 жылғы 27-28 ақпан, Исламабад).

Сондай-ақ, халықаралық алаңдарда, соның ішінде АӨСШК, ИЫҰ және т.б. аясындағы өзара ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp