Куала-Лумпурда парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту мәселері талқыланды

[:kk]

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Малайзия Парламенті Өкілдер палатасының Спикері Датук Азхар Азизан Харунмен кездесті, деп хабарлайды Alash24.kz.

“Елші сұхбаттасушыны екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы туралы хабардар етіп, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басымдықтарымен таныстырды. Б.Иманбаев еліміздің екіжақты кооперацияны одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

А. Харун Нұр-Сұлтан мен Куала-Лумпур арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 28 жыл ішінде берік және өзара тиімді ынтымақтастық жолға қойылғанын атап өтті”,- делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Кездесу барысында тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жөнінде пікір алмасып, 2019 жылы Малайзия Парламенті Өкілдер палатасында құрылған Қазақстанмен парламенттік достық тобының қызметі оған елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp