[:kk]ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат келісімімен, Теректі ауданының әкімі болып Өтеғұлов Арман Кәрімұлы тағайындалды, деп хабарлайды Alash24.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өтеғұлов Арман Кәрімұлы – 1964 жылы туған.
Білімі жоғары. Саратов зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «ветеринарлық дәрігер» және «экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі дәрежесі бар.
Әр жылдары:
– Орал облысы, Фурманов ауданы, Ақкөл совхозының аға ветеринар дәрігері;
– Батыс Қазақстан облысы, Фурманов ауданы, Ақкөл совхозының, кейін Ақкөл ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорнының бас ветеринар дәрігері;
– Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы «Талдыапан» ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорнының директоры;
– Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің орынбасары;
– Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімі;
– Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімі;
– Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы;
– Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
– Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары;
2018 жылдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.[:]