[:kk]БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Қазақстандағы миссиясын аяқтады[:]

[:kk]Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомураны қабылдады, деп хабарлайды Alash24.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ-ның өкіліне еліміздегі миссиясының аяқталуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыстады. Сыртқы саяси ведомство басшысы Норимаса Шимомураға БҰҰ-мен қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ Дүниежүзілік ұйым алаңында қазақстандық бастамаларды жүзеге асыруда белсенді қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты», – деп жазылды ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында.

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp