[:kk]ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы тағайындалды[:]

[:kk]ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Берік Төлеутайұлы Нәжімиденов ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Alash24.kz ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Берік Нәжімиденов 1979 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Мамандығы— экономист-менеджер, заңгер.

Еңбек жолын 2000 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауытында оператор болып бастаған. 2002-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасында түрлі лауазымдарды атқарған.

2012-2014 жылдары Астана қаласы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінде жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары Қарағанды қ. ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және ішкі мемлекеттік аудит комитетінде жұмыс істеді.

2016 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қ. ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp