[:kk]Коронавирустық инфекциядан ем қабылдап жатқан 52 бала бар-министрлік[:]

[:kk]Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 597 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 52 өскіншек бала бар. Стационарларда  5 673 науқас жатыр. 4 924 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлайды Alash24.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы науқастардың арасында 309 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 70 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp