[:kk]Жарты жылда ішкі тауар айналымы 6,9 пайызға төмендеді – Бақыт Сұлтанов[:]

[:kk]Биылғы жарты жылда ішкі тауар айналымы 6,9 пайызға төмендеді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов онлайн режимдегі халық алдында есеп беруі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Alash24.kz.

«Соңғы 2 жылда ішкі тауар айналымы 11 проценттік қарқынмен өсіп, 37,5 трлн теңгеге жетті. Алайда, биылғы жылдың 6 айында ішкі тауар айналымы 6,9 пайызға төмендеп, 14,9 трлн теңгені құрады (2019 ж. – 16 трлн теңге). Сонымен қатар COVID-19 салдарынан сауда саласындағы инвестициялар көлемі 48 пайызға түсіп кетті», – деді Сауда және интеграция министрі.

Министрдің айтуынша, нарықтарды заманауи сауда форматына ауыстыру саладағы кәсіпорындардың өсімін 10 пайызға, ал жұмыспен қамтылғандарды 5 мың адамға арттыруға ықпал етеді.

«Сауда инфрақұрылымын жаңғыртуда басты бағыт – цифрландыру. Сауданың электронды жүйесі отандық тауар өндірушілер мен шетелдік серіктестерді тартуға мүмкіндік беріп, бәсекеге қабілеттілік пен шарттардың ашықтығын қамтамасыз етеді. Биржа котировкалары нарықтың жағдайын нақты көрсетіп тұрады», – деді Бақыт Сұлтанов.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp