[:kk]Басшы өз қызметкерлерінің заң бұзушылығын жасырмауы керек-Қасым-Жомарт Тоқаев[:]

[:kk]Жемқорлық деген кесел көптеген адамның жарқын келешегіне балта шабуы әбден мүмкін. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Alash24.kz

«Пандемия кезеңінде және мемлекет пен азаматтарымыздың табысы азайған тұста жемқорлықпен күресті одан әрі күшейтуіміз керек. Халықаралық сарапшылардың айтуы бойынша мемлекеттер пандемияның салдарымен күреске мол қаражат жұмсап жатқан кезде қаржыны мақсатқа сай пайдаланбау және жымқыру қаупі арта түседі. Бөлініп жатқан қаражат мұқият әрі тиімді жұмсалуға тиіс. Бұл – әр теңге өзінің мақсатына сай жұмсалуы керек деген сөз», – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, жемқорлықпен күрестегі әрекетсіздік азаматтар тарапынан наразылық көңіл-күйі мен құқықтық нигилизмнің өршуіне алып келеді. Жемқорлық деңгейі барынша жоғары өңірлерде әдетте жаппай сипаттағы қылмыстық көріністердің де орын алу тосын сәйкестік болуы мүмкін емес. Ал бүгінгі бағалаулар белгілі бір министрліктегі анықталған парақорлық фактілері санына ғана негізделіп отыр. Бағалау алдын алу бойынша қабылданған шаралар, жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтерді алу барысындағыкедергілерді жою негізінде қалыптасуы тиіс.

«Басшы өз қызметкерлерінің заң бұзушылығын жасырмауы керек. Сондықтан, оны тек жазаға тартудан бөлек, ынталандыру да маңызды. Бұл алдын ала жүйелі шаралар қабылдауға айтарлықтай септігін тигізеді. Әрбір әкім және министр жұмсалған қаражатқа ғана емес, оны дұрыс жоспарлауға да жауапты болуға тиіс. Нақ осы тұста сыбайлас жемқорлыққа бару қатері көп болуы мүмкін. Сондықтан, әр басшыға жеке жауапкершілік жүктеледі. Бас прокуратураға осындай бағалау жүйесін әзірлеуді тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp