[:kk]Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді[:]

[:kk]Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Alash24.kz

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәлімдеуінше, шараға орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен облыс әкімдері қатысты.

«Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшылары, Шымкент және Жамбыл облыстарының әкімдері есеп берді», – деп жазды Б.Уәли Facebook-парақшасында.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp