[:kk]Сауда және интеграция министрлігі Украинамен тауар айналымын арттыру мүмкіндігін қарастыруда[:]

[:kk]

Ағымдағы жылдың 18 тамызында бейнеконференц байланыс режимінде ҚР Cауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаевтың және Украинаның Экономика, сауда және ауыл шаруашылығын дамыту министрінің орынбасары Т. Качканың тең төрағалық етуімен, сондай-ақ екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жұмыс тобының 2-отырысы өтті, деп хабарлайды Alash24.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс тобының 2-ші отырысы барысында Тараптар алғашқы операциялық тұжырымдардың орындалу барысы туралы ақпаратты тыңдады, сондай-ақ іске асырылуы өзара сауда көлемінің ұлғаюына оң әсер етуі тиіс негізгі іс-шаралар көрініс тапқан 2-ші отырыстың операциялық қорытындылары талқыланды және келісілді.

Бұдан басқа, Тараптар covid-19 пандемиясының тауарлардың екі                жақты саудасы әсері және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандырудың ықтимал жолдары мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды, сондай-ақ өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдалана отырып, жүктерді транзиттік тасымалдауды дамыту және екі жақты саудада сауда қорғау құралдарын пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы өзара сауда көлемі 7,4%-ға төмендеп, 1,3 млрд. АҚШ долларын құрады.

2020 жылдың алты айында Қазақстан мен Украина арасындағы өзара сауда 398 млн. АҚШ долл. құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 36,7%-ға төмен (629,1 млн. АҚШ доллары). Бұл ретте, Қазақстаннан Украинаға экспорт көлемі 51,2%-ға төмендеп, 225,3 млн. АҚШ долларын құрады және Украинадан импорттың 3,3%-ға (172,7 млн. АҚШ доллары) өскені байқалады.

Бүгінгі күнге Қазақстан өңделген тауарларды Украина нарығына жеткізуді арттыруы мүмкін, бұл металлургия, мұнай-химия, тамақ, химия, машина жасау салалары өнімдерінің 70 атауы, сондай-ақ жалпы сомасы 349,5 млн. АҚШ доллары болатын құрылыс материалдары. Аталған тізім Украина тарапына дипломатиялық арналар арқылы жіберіледі.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp