[:kk]Руслан Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды [:]

[:kk]ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Alash24.kz ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Руслан Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономика университетін, 2017 жылы — М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, 2020 жылы — Назарбаев университетін тәмамдаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2014-2017 жылдары — «Транстелеком» АҚ басқарушы директоры, президентінің кеңесшісі.

2017-2018 жылдары — «Астана — жаңа технологиялар – 2008» ЖШС директоры.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Транстелеком» АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникация жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp