[:kk]Министрлік «Қазақфильмдегі» өртті сөндіруге қатысқандарға алғыс білдірді[:]

[:kk]«Қазақфильм» киностудиясында орын алған төтенше жағдайға байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрінің қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды Alash24.kz

«Министрлік өкілдерімен кездесуге Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласының ІІД және ТЖД өкілдері қатысты», делінген киностудияның instagram парақшасында.

Кездесу барысында өрт шыққан орындарда тексеру жүргізіліп, жауапты мекемелер өкілдері өрттің пайда болуының себебі мен хронологиясы туралы баяндама жасады. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өртті сөндіруге қатысқан азаматтарға алғысын білдірді.

Еске сала кетсек, 14 тамызда түнде Алматыдағы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ музейінде өрт шыққан еді.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp