[:kk]Беларусь Президентінің сайлауына елімізден қанша бақылаушы баратыны белгілі болды[:]

[:kk]Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында 2020 жылғы 9 тамыздағы Беларусь Республикасы Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың тізімін бекіту тақырыбы қаралды, деп хабарлайды Alash24.kz

«Жалпы, тізім бойынша бес байқаушының кандидатурасы ұсынылған. Олар сайлауды байқауда ТМД миссиясы құрамында қатысады. Оның ішінде ҚР Президенті Әкімшілігінен бір адам, ҚР ОСК-дан бір адам, Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Елшілігінен үш байқаушы болады», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Анастасия Щегорцова.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Қазақстан Республикасынан 5 байқаушының кандидатурасы бекітілді, олар биылғы 9 тамызда Белоруссиядағы сайлауды байқауға қатысады.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp