[:kk]Турбизнесті қолдау үшін оқушыларды қорықтарға экскурсия ұйымдастыру ұсынылды[:]

[:kk]Балалар мен жастар туризмі республикалық қауымдастығының төрағасы Қайрат Сұлтанов турбизнесті қолдау үшін оқушыларды қорықтар аумағына экскурсия ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Alash24.kz

«Автобустардың көбін лизингіге алды да, наурыз айынан бері тоқырап, тоқтап қалды. Елдегі экскурсияларға, экскурсиямен айналысатын компаниялардың жағдайларына бір назар аударып қойыңыздар», – деді Қайрат Сұлтанов туристік сала мәселелері бойынша өткізілген онлайн баспасөз мәслихатында.

Қауымдастық басшысы карантин режимі жеңілдетілгеннен кейін бұл мәселені реттеуге болатынын жеткізді.

«Қанекей, 17 тамыздан кейін-ақ мәселені реттеуге тырысайықшы. Бір-екі, үш күндік болсын балаларға арналған экскурсияны ұйымдастырайық. Лагерьлерді ұйымдастыру қиын болса экскурсиялық жұмысқа назар аударалық. Балалар ешқайда шыққан жоқ. Оқу жылы басталар алдында балаларды бір демалдыру керек», – дейді Қайрат Сұлтанов.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp