[:kk]Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ қызметінен кетті, деп хабарлайды Alash24.kz
Оның Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметінен кеткендігі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Бұл мәліметті облыс әкімінің баспасөз қызметі растады.
Ол бұл лауазымды 2017 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келген.[:]