[:kk]Құрбан айт қарсаңында қойдың бағасы қымбаттады ма?[:]

[:kk]Карантин кезінде адамдар онлайн құрбандық шалуға көшті. Десекте, азаматтардың көбі мал базарларына алдын ала барып, қойды таңдап, оған белгі салып кетуде екен.

Құрбан айт қарсаңында Alash24.kz ақпараттық порталы Елордадағы мал базарларындағы қойдың құны қанша екенін анықтап қайтты.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында халық арасында танымал төрт мал базары бар. Оның үшеуі Алаш шоссесінің бойында болса, біреуі Қабанбай батыр ауылының жолында орналасқан.

Белгілі болғандай төрт базардағы баға бірдей екен. Тек таңдаған қойыңыздың семіздігіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Сонымен:

Тоқты – 35 000-40 000 теңге;

Қой – 40 000-45 000 теңге;

Саулық қой – 50 000-55 000 теңге аралығында сатылуда.

Естеріңізге салсақ, Шариғат бойынша құрбандыққа шалынатын қой малы бір жастан асқан болуы керек. Сондықтан биылғы төлдің барлығы бірдей құрбандыққа шалынбайды. Алты айдан асқан тоқтыларды союға болады, ал қозы мен марқа қозылар жарамайды.

Биыл карантин кезінде жергілікті әкімдіктер бұрынғыдай мал сою орындарын ашады. Бірақ оған барлығын бірдей кіргізбейді. Ол жерде тек онлайн-тапсырыстар бойынша мал сойылады. Тәртіп сақшылары карантин талаптарын бақылайды. Имамдар мен қасапшылар құрбандық шалады.

Десекте, азаматтардың көбі мал базарларына алдын ала барып, қойды таңдап, оған белгі салып кетуде екен. Құрбан айт басталғанда қой сатушылар әр азаматтың таңдаған қойын сойып, таксимен жеткізіп беру қызметін ашыпты.

https://www.youtube.com/watch?v=sTPwzJYdgMQ[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp