[:kk]Қазақстан халқын қажет дәрі-дәрмекпен қамту үшін қандай шаралар атқарылды[:]

[:kk]ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ және пневмониямен күрес бойынша атқарылып жатқан шаралар жөнінде мәлімет таратты, деп хабарлайды Alash24.kz

Бүгінгі күні медициналық масканың шекті бөлшек сауда бағасы 28%-ға, яғни 118-ден 85 теңгеге дейін төмендеген. Қазір резервте 41 млн маска, 27 млн қолғап, 379 мың қорғаныш костюмі бар.

Тестілеу қуаты: қазір – тәулігіне 32 мың, 1 тамызға қарай – тәулігіне 35,6 мыңға дейін, 1 қыркүйекке қарай – тәулігіне 64 мыңға дейін ұлғайту жоспарланған.

Тамыз айының соңына дейін тестің ПТР резервін қалыптастыру – 1,2 млн, 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылды.

Дәрілік заттарды сапалы жоспарлау және сатып алу шаралары:

Біріншіден, сертификаттау рәсімдерін жеңілдету:

– ( 1 айдан 3 күнге дейін)

– бір жолғы әкелу бір тәулік ішінде беріледі

– COVID-19 емдеу үшін жаңа препараттарды тіркеу процедурасы (6 айдан 2 айға дейін) жеделдейді.

Екіншіден, бөлшек сату бойынша дәріханаларды арнайы борттар есебінен толықтыру үшін Ресей мен Үндістанға 4 млн орамға 6 арнайы авиарейс ұйымдастырылған.

Үшіншіден, өңірлерде арнайы тұрақтандыру қорын құру:

– Алматы – 5 млрд тг

– Нұр-Сұлтан – 1,2 млрд тг

– Шымкент – 180 млн тг

– Ақтөбе облысы – 500 млн тг

– ШҚО – 250 млн тг және басқалар.

COVID-19 емдеу бойынша БМСК деңгейінде қосымша дәрі-дәрмекпен, оған қоса 1 млн-ға жуық адамды қамтитын 8,6 млрд теңгеге дәрі-дәрмектің 5 түрімен қамтамасыз ету көзделген.

COVID-19-дан стационарларда емдеуге арналған дәрі-дәрмектің айлық қоры қалыптасты.

Сонымен қатар, тағы 3 айға резерв құру мақсатында отандық өндірушілерден де, импорттаушылардан да медициналық препараттарды сатып алу рәсімі қатар жүргізіледі.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp