[:kk]Сәтбаев қаласының әкімі отставкаға кетпек болған[:]

[:kk]Биылғы жарты жылдағы жұмысын қорытындылаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облысының Сәтбаев қаласының әкіміне қатысты жайттардың басын ашты, деп хабарлайды Alash24.kz

Агенттіктің мәліметінше, Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін өз еркімен отставкаға өтініш берген.

«Ал сол қылмысты жасаған Р. Кунедилова ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотталып, оған белгілі бір лауазымдарда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынған. Және ол 12 млн теңге сомасында айыппұл төлейді» деп мәлім етті агенттік.

Алайда, әкімнің отставкасы қабылданған жоқ, ол сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта бірқатар мемлекеттік қызметшілерге қатысты қылмыстық істер сотқа дейінгі тергеу және сот сатысында жүргізіліп жатыр.

Егер олар қылмысы дәлелденсе, онда саяси мемлекеттік лауазымдағы 16 басшы отставкаға кетуге мәжбүр болады. Атап айтқанда, олар – республикалық деңгейдегі – 3, облыстық деңгейдегі – 3 , қалалық деңгейдегі – 3 басшы және 7 ауданның басшылары.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp