[:kk]199 коронавирус ошақтарын күш құрылымдары қоршап тұр – ІІМ[:]

[:kk]Қазақстанның күш құрылымдары 199 коронавирус жұқтыру ошағы мен 366 карантиндік нысанды қоршап тұр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди айтып берді, деп хабарлайды Alash24.kz

«Бас санитарлық дәрігерлердің қаулыларына сәйкес, 4 облыста 2 санитарлық (Ақтөбе облысы) және 7 блокпост (Атырауда – 4, Қостанай – 2, Қызылорда – 1) қойылған. Одан бөлек, 199 коронавирус жұқтыру ошағы мен 366 карантиндік нысанды қоршау жұмыстары жалғасуда», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, бұл шараларға күн сайын 14 мыңнан астам полицей, Ұлттық ұлан әскерилері және мыңнан астам волонтер тартылады.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp