[:kk]Коронавирустан жапа шеккен елдерге 750 млрд еуро беріледі[:]

[:kk]Еуро Одақ көшбасшылары экономиканы құтқару жоспары мен Одақтың 7 жылға арналған бюджетін бекітті, – деп хабарлайды Alash24.kz Егемен Қазақстанға сілтеме жасап.

4 күнге созылған Брюссельдегі саммит қорытындысы бойынша 2021-27 жылдарға Одақтың бюджеті 1 триллион 74 млрд еуроны құрамақ. Қосымша тағы 750 млрд еуро COVID-19-дан зардап шеккен елдерді қолдауға бөлінеді. Қаржының басым бөлігі Италия, Испания, Грекия мен Польшаға тиесілі.

Ол ақшаға Одаққа мүше елдер экономикалық өсім мен тұрақты дамуға бағытталған құрылымдық реформалар жүргізуі тиіс. Еуроодақ жасанды интеллект, энергияның баламалы көздері мен 5G-ды дамыту жобаларына көптеп инвестиция салмақшы.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp