[:kk]Асқар Жұмағалиев қызметінен босатылуына қатысты ойын білдірді[:]

[:kk]

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі экс-министрі Асқар Жұмағалиев өз орнына тағайындалған Бағдат Мусинге сәттілік тіледі, деп хабарлайды Alash24.kz

“Мені бұл лауазымға тағайындағанда құттықтаушылар көп болды, ал кеткен кезде қолдаушылардың одан да көп екенін көріп, таң қалып отырмын. Телефон соғып, хабарлама жазып басымыздан кешкен оқиғаларды есіме салдыңыз, өте ризамын. Кейбіріңізбен мемлекеттік мүдделерді қорғауда бірге жұмыс істесек, енді біріңізбен жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асырдық, тағы біріңіз қызықты шешімдеріңізбен бөлістіңіз. Әріптестер, достар, “цифрлық комиссарлар”, пікір білдірушілер, азаматтар, менің соңғы жылдары айналысқаным – бұл біздің бірлесе атқарған жұмысымыз”,- деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Ол ұжымымен нәтижелі жұмыс істедік деп ойлайды.

“Оның бәрін тізбектеп айтпай-ақ, өздеріңіз де білесіздер. Қазір қызметкерлер туралы айтқым келіп отыр. Мен министрлік ұжымының, ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлерінің әрбір қызметті цифрлау үшін, әрбір интеграция үшін және олардың қазақстандықтардың өмірін жеңілдетудегі маңызы мен қажеттілігін дәлелдеуге күш салғанын, бар ынта-жігерімен жұмыс істегеніне куә болдым. Сіздерге басымды иіп, зор алғысымды білдіремін”, – деді ол.

Сондай-ақ Жұмағалиев ФБ-да өз парақшасына жазылушыларға да алғысын жеткізді.

” ФБ-да мүмкіндігінше ашық болуға тырыстым, жоспарларымызбен бөлісіп, нәтижелеріміз туралы жаздым. Бұл көпшілік үшін пайдалы болды деп үміттенемін. Дос болғаныңыз үшін, бірқатар мәселені шешуге көмектескен пікірлеріңіз үшін, идеяларыңыз үшін көп рахмет. “Цифрлық комиссарлар” – біздің тәуелсіз сарапшыларымызға алғысым шексіз, қоғам белсенділері мен ҮЕҰ басшыларына, блогерлерге тұрақты фидбек үшін көп рахмет, халықты біздің жұмысымыздан үнемі хабардар етіп отырған журналистер қауымына және біздің бастамаларымызға қолдау білдіргені үшін депуттарға зор алғыс”,- делінген жазбада.Ол өз орнына тағайындалған Бағдат Мусинге сәттілік тіледі.

“Бастамалары мен Қазақстанды цифрландыру үдерістерін үнемі қолдағаны үшін Елбасыға, Президентке және сіздердің әрқайсыңызға соңғы жылдары маған артқан сенім мен көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғысымды білдіремін. Мусин Багдат (Bagdat Mussin) сәттілік тілеймін, сала сенімді қолда! Жаңа мақсаттарды айқындап, іске қайта кірісемін. ФБ-дағы достығымыз жалғасады. Бәріңізге мықты денсаулық тілеймін! Аман-сау болыңыз!”,- деп қортындыланған экс-министр жазбасы.

 

Еске сала кетсек, 20 шілдеде Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Жұмағалиев ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымды 2019 жылдың маусым айынан бастап атқарған еді. Сол күні бұл қызметке бұған дейін ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі болып жұмыс істеген Бағдат Мусин тағайындалды.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp