«Отырар сазы» жаңа маусымын Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына арналған концертпен ашты

Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі концерт маусымын «Күй-ұран» концертімен ашты

Музыкалық кеш көрнекті күйші-домбырашы, композитор, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева. Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегендіков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедияров және халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайырхан Бейсеков дирижерлік етті.

Концертке Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы да қатысты.

Кеште Қаршыға Ахмедияровтың «Күй-ұран», «Қосбасар», «Ақмешіт», «Мама», «Жұлдызым» шығармалары, сондай-ақ Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» поэмасы мен «Реквиемі» орындалды.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp