Үмбетәлі Кәрібаевтың музей-үйінде реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

Алматы облысы Жамбыл ауданында халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың музей-үйінде реставрация жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгінде «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары аумағы 90 шаршы метрді құрайтын шатырдың ағаш қаңқасы мен металл жабындысын толық жаңартып, су ағызу жүйесін орнатты. Ғимараттың сыртқы және ішкі қабырғалары мен едені де жөнделді.

Алдағы кезеңде музей-үйдің қасбеті қалпына келтіріліп, қабырғалардың бүлінген бөліктері нығайтылады. Терезелер мен есіктер орнатылғаннан кейін тарихи нысанның бастапқы сәулеттік келбеті сақтала отырып, қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталады.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp