Қонаев қаласында жаңғыртудан өткен қалалық кітапхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Кітапхана заманауи стандарттарға сай жабдықталып, бір мезетте жүз адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда жоғары жылдамдықты интернет, коворкинг аймақтар, шығармашылық кеңістіктер мен заманауи әдебиеттер қоры қарастырылған.
Бұл бастама ғимаратты жаңғыртып қана қоймай білімге, оқуға және дамуға жетелейтін заманауи мәдени ортаны қалыптастырады.
Биыл жаңғырту жұмыстары Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы және Қарасай ауданының Жандосов ауылындағы кітапханаларда да жүргізіледі.
Айта кетейік, республикадағы көпшілікке қолжетімді кітапханаларды жаңғыртудың 2025-2027 жылдарға арналған жол картасы аясында Батыс Қазақстан, Жетісу, Маңғыстау, Түркістан облыстарында барлығы 4 кітапхана салу жоспарланған.