Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының «Қазақстан археологиясы» ғылыми журналы 0.532 импакт-факторын алып, SCImago Journal Rank (SJR) Халықаралық рейтингінің бірінші квартиліне (Q1) ресми түрде кірді. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Журналдың Q1-ге қосылуы оның жоғары ғылыми деңгейін, жарияланған зерттеулердің халықаралық маңыздылығы мен өзектілігін растайды. Бұл жетістік қазақстандық археологиялық ғылымның әлемдік аренада танылуын көрсетеді.
SCImago Journal Rank (SJR) – жарияланымдардан сілтеме алу жиілігін талдауға және жарияланымдардың беделін көрсетуге негізделген ғылыми журналдардың халықаралық рейтингі. Бұл рейтинг – жаһандық академиялық қауымдастықтағы басылымдардың ғылыми ықпалының негізгі көрсеткіштерінің бірі.
Естеріңізге сала кетейік, биыл «Қазақстан археологиясы» журналы Тәжікстан Республикасының Ғылыми басылымдарының ресми тізіміне енгізілді.