Қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне — 30 жыл

4 сәуірде Ұлттық қорғаныс университетінде “Ішкі іскер жауынгерлерінің шекара шебіндегі ерлігін — 30 жыл” тақырыбында дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шарада ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының офицерлері, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері сөз сөйледі. Сондай-ақ дөңгелек үстелге Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету, Әскери оқыту және тәрбиелеу факультеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары, сондай-ақ Қазақстанның әскери және құқық қорғау жоғары оқу орындарының тыңдаушылары, Тәжікстан Республикасының және Қырғыз Республикасының магистранттары да қатысты.

Қаза тапқан жауынгерлердің ерлігіне құрмет ретінде шараға қатысушылар бір минуттық үнсіздік жариялады.

Негізгі баяндамамен ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары Бауыржан Әбжанов сөз сөйледі. Ол 30 жыл бұрынғы қайғылы оқиғаны еске түсірді.

— Бұл күн біздің жадымызда мәңгі сақталады. 30 жыл бұрын “Қазбат” құрамындағы біздің жауынгерлеріміз қарулы шабуылға ұшырады. Жау күшінің басымдығына қарамастан, әскери қызметшілер шабуылға лайықты тойтарыс бере алды. Бірақ… бұл тойтарыс шығынсыз болмады! Жалындай жас 17 жауынгер бейбіт өмір жолында құрбан болды. Бүгінде еліміздің әрбір өңірінде олардың есімдері жазылған ескерткіштер орнатылған. Оларға жыл сайын әскерилер мен құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, марқұмдардың туыстары жиналады. Астанадағы Отан қорғаушылар монументінің артында орналасқан он жеті көшет пен қаза тапқандардың есімдері жазылған мемориалы бар аллея — сол ерліктің мәңгі белгісіндей, – деді  Бауыржан Әбжанов.

Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында сол қанды оқиғаның қатысушылары, әскер ардагерлері — Қайратбек Сәтбаев пен Нұржан Байбосынов болды, олар өз қаруластарының ерлігі туралы естеліктерімен бөлісті.

Қарулы Күштер мен ҚР ІІМ Ұлттық ұлан ардагерлері отставкадағы генерал-лейтенант Болат Жанасаев, отставкадағы генерал-майорлар Жұмабек Ахметов, Бақтияр Сыздықов және Қалиақпар Тоқышев, сондай-ақ запастағы полковник Сабыржан Сүлейменов өз баяндамаларында жауынгерлік тәжірибенің маңыздылығын, оны жас офицерлердің зерделеу қажеттілігін, сондай-ақ қаза тапқан батырлардың ерлігін  насихаттаудың маңыздылығын қозғады.

Дөңгелек үстел барысында Тәжікстан Республикасының магистранттары полковник Ифтихор Файзуллозода мен Қырғыз Республикасының полковнигі Медер Эшенкулов қазақстандық батырлардың ерлігін құрметпен атап өтті.

Мұндай кездесулер жас жауынгерлердің бойында патриотизм сезімін тәрбиелеуге және халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp