Қазақстанда 2,3 мыңнан астам ғылыми жоба қаржыландырылады

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек республиканың ғылыми әлеуеті туралы баяндады

Ол бүгінгі таңда еліміздің ғылыми әлеуеті – 25,5 мың ғалымды құрайтынын, оның 46%-ы 40 жасқа дейінгі мамандар екенін атап өтті. Ғылым саласында 425 ұйым жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.

«Енді гранттық конкурстар жыл сайын өткізіледі, бұрын 3 жылда бір өкізілетін. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау тетіктері кеңейтілді: постдокторанттар мен жас ғалымдарға гранттар, әзірлемелерді коммерцияландыруды қаржыландыру, іргелі институттарды тікелей қаржыландыру, шетелдік тағылымдамалар және мега-гранттар енгізілді. Қазіргі уақытта 264 ғылыми-техникалық бағдарлама, 2,3 мыңнан аса ғылыми жоба және 208 коммерцияландыру жобасы қаржыландырылуда. 1,4 мыңнан астам ғалым шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті», — деді Саясат Нұрбек.

Министр жас ғалымдарға арналған гранттар конкурстарының арқасында 2 мыңнан астам зерттеуші 835 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын айтты.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp