Ғалымның бейіні мен Ғылыми-зерттеу институттарының цифрлық паспорттары әзірленді

Бүгінгі таңда ғылымның цифрлық экожүйесінің архитектурасы алдыңғы бөлігі болып табылатын және деректерді жинауды, сақтауды автоматтандыру, тиісті сұраныстар бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратты тиімді іздеуді және беруді қамтамасыз ету құралы болып табылатын Цифрлық ғылыми порталдан тұрады

Бұл жайында ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов ОКҚ брифингінде айтты.

Ғылымды дамытудың басым бағыттарын бекітуден бастап ғылыми жобаларды іске асыруға қаржы бөлуге дейін қаржыландырудың конкурстық рәсімдерінің негізгі процестерін жүзеге асыратын «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің функционалы кеңейтілді және жаңғыртылды. Ғылыми жарияланымдарды бағалау және талдау үшін Қазақстандық ғылыми дәйексөз индексі жұмыс істейді. Бұл жүйелер экожүйенің өзегі болып табылады және ғылыми қоғамдастық қызметінің негізгі көзі болады.

«Бүгінгі таңда экожүйенің айтарлықтай бөлігі жасалды, атап айтқанда негізгі аналитикалық модульдерді құрылды. Ғылыми порталда ғылыми деректерді орталықтандырылған сақтауды, өңдеуді және оған қол жеткізуді қамтамасыз ететін E-labs модулі іске асырылды, бұл ғалымдарға, зерттеу топтары мен ұйымдарға бірлесіп жұмыс істеуге, идеялар мен зерттеу нәтижелерімен бөлісуге және жобаларды үйлестіруге кеңістік жасайды. Қазақстанда ғылыми ақпараттың орталықтандырылған басқарылуы мен ашықтығын арттырудың маңызды құралдары – Ғалымның бейіні мен Ғылыми-зерттеу институттарының цифрлық паспорттары әзірленді», – деді спикер.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp