Қазақстандық мамандар жол құрылысында Германия стандарттарын қолдана алады

“ҚазжолҒЗИ” АҚ мен Германияның стандарттау институты (DIN) автожол саласындағы стандарттауды дамыту жөніндегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады

2025 жылғы 23 қаңтарда “ҚазжолҒЗИ” АҚ Қазақстандық стандарттау және метрология институтының (МТИ РК) қолдауымен Берлин қаласындағы Германияның стандарттау институты (DIN) орталық кеңсесінде кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанның жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған болашақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарастырылды.

Анықтама: DIN – Германияның ұлттық стандарттау органы. 1917 жылы құрылған, ал 1975 жылдан бастап Германияның ресми ұлттық стандарттау органы ретінде танылды. Қазіргі уақытта компанияның тұрақты қызметкерлер саны 500-ден астам адамды, негізгі мүшелері 3400-ден астам адамды құрайды, ал жалпы сарапшылар саны 36 000-нан асады.

Кездесуде Германия стандарттарын Қазақстанның автожол саласына бейімдеу мәселесіне ерекше назар аударылды. Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының сапасын халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу арқылы жақсарту, сондай-ақ стандарттау процестерін жетілдіруге көмектесетін сараптамалық кеңес беру мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктері қарастырылды.

Сонымен қатар, тараптар SuperPave әдістемесін енгізу бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Бұл жаңа технологияларды қолдану арқылы асфальтбетон қоспаларын жобалаудың жаңа әдістерін әзірлеуге, сондай-ақ оларды экстремалды температура мен қарқынды көлік жүктемелеріне төзімді етуге бағытталған.

Ұзақ мерзімді ынтымақтастық Қазақстанның халықаралық стандарттарға жедел көшуіне және тәжірибе алмасу арқылы саланың дамуына ықпал етеді.

Еске салсақ, соңғы екі жыл ішінде «ҚазжолҒЗИ» жол саласының нормативті-техникалық құжаттамасын өзектендіріп, климаттық жағдайлардың өзгеруі, қозғалыс қарқындылығының артуы және автожолдардың сапасына әсер ететін басқа да факторларды ескере отырып, оны халықаралық стандарттарға сәйкестендірумен айналысып келеді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp