Бұл салада білім алушылар саны 921 адамды құрайды, оның 96% мемлекеттік грант негізінде оқиды. Соңғы 3 жылда 1800 аса түлек университет бітірді, деп аталып өтті ОКҚ брифингінде.
ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасованың айтуынша, осы сала үшін кадрлар даярлау 2000 жылдан бастап жүзеге асырылуда және 4500 астам студент, магистрант, докторант диплом алды.
«Осы саладағы стратегиялық әріптестік шеңберінде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университеті (РФ) құрылды. Есенов университетінің базасында неміс техникалық университеттерінің консорциумы да жаңа форматтағы электрэнергетика саласының инженерлерін дайындауды бастады. Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің базасында 2024 жылы Анхальт университетінің (ГФР) филиалы ашылды, онда Электротехника және энергетика бойынша мамандар даярланады», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.