2025 жылы Қазақстанның кинотеатрларында 10 жаңа кино жоба көрсетіледі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен биыл 10 жаңа кино жоба көрерменге жол тартады

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Көптен күткен жобалардың бірі – «Капитан Байтасов» фильмі. Оны режиссер Дәурен Қамшыбаев түсірген. Фильмнің сценарийін жазуға кейіпкердің ұлы Арманжан Әбдібеков белсенді қатысты. Бұл туынды ұлттық кинематография тарихына ерекше үлес қосып, ерліктің, батырлықтың символы ретінде халық жадында мәңгі сақталатын қаһарманның бейнесін дәріптейді.

Сонымен қатар, көрерменге биыл басқа да қызықты жобалар ұсынылады. Олардың қатарында лудомания мәселесін қозғайтын «Игроманка» драмасы, футбол тақырыбындағы спорттық драма «90+1», «Осенний бриз», «Фейковый арман», «Qaitadan», «Тезек», «Қара қыз», «Алтын адам», «Ароматное сердце» және «Абель» фильмдері бар.

“2025 жылы ұсынылатын жаңа фильмдерде жас ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпал ететін, көрерменге ой салатын құнды идеялар көрініс табады.

Сондай-ақ наурыз айының басында кино жобаларға арналған байқау жарияланады. Жаңа фильмдер үшін басымдық берілетін тақырыптар – отанға деген сүйіспеншілік, экология және еңбекқорлық” – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Басым тақырыптардың толық тізімі Кино орталығының ресми сайтында жарияланған.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp