Қазақстан СІМ-де «Ботай – көлеңке іздері» романының авторын қабылдады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко даниялық зерттеуші, «Ботай – көлеңкелер іздері» атты тарихи фэнтези жанрындағы романының авторы Леонора ван Деурсты қабылдады, деп мәлімдейді министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екі тарап мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Р. Василенко Л. ван Деурсты кітаптың шығуымен құттықтап, оның Солтүстік Еуропа елдерінде және жалпы әлемде Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуді дәріптеудегі маңыздылығын атап өтті.

Кітапты 15 жасында жаза бастап, 18 жасында аяқтаған Л. ван Деурс қазақ зерттеушісі Нұрбол Баймұхановтың «Equus: Жылқы тарихы» атты ерекше деректі фильмі оның «Ботай – көлеңкелер іздері» алғашқы романын жазуға шығармашылық шабыт бергенін атап өтті.

«Ботайлар жылқыны әлемде бірінші болып қолға үйреткен, бұл оларға ұзақ қашықтықты өте қысқа мерзімде жүріп өтуге мүмкіндік берді, сонымен қатар адамзатқа жаңа өңірлерге қоныстануға жол ашты. Ботай мұрасына деген құштарлық маған әйгілі генетик, ДНҚ зерттеушісі және профессор Эске Виллерслевтің қасында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берді», – деді кездесу барысында Л. ван Деурс.

Кітаптың дат тіліндегі тұсаукесері 2024 жылғы 20 қаңтарда Копенгагенде өтті. Данияның «Vild Maskine» баспасы шығарған роман Ботай мен Ямная халықтарын терең зерттеуге негізделген.

Қазіргі уақытта 20 жастағы Леонора Қазақстанға ата-анасымен бірге елімізбен танысу және шығармашылық жұмысқа материалдар жинау үшін ұшып келді. Жас жазушының жоспары – романның екінші бөлігін жазу.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp