Медициналық ЖОО түлектерін бөлу кадрлық тапшылықты 84% жабуға мүмкіндік берді – Денсаулық сақтау министрлігі

2024 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқыған медициналық ЖОО түлектерін бөлу жергілікті жерлерде бөлек-бөлек жүргізіліп, бұл өңірлік қажеттіліктерді есепке алуға және кадрларды бөлудің тиімділігін арттыруға септік етті, деп мәлімдейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

“Осы жылғы түлектердің саны 10570 адамды құрады, оның ішінде 5350 түлек мемлекеттік грант негізінде білім алған. Оларды бөлу бойынша жергілікті жерлердегі комиссия жұмысының нәтижесінде түлектердің 76%-ы (4075 адам) еліміздің медициналық мекемелеріндегі жұмыстарға бағытталды.

Қабылданған шаралар қазіргі таңдағы медицина мамандарының тапшылығын 84% жабуға ықпал етті. Соның ішінде ауылдық аудандарда – 98%, қалаларда – 76%-ды қамтыды” – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Әрі қарай да кадрларды бөлу тиімділігін арттыра түсу және денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығын азайту үшін министрлік жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастығын күшейтті. Осы ретте болашақ түлектер, медициналық ұйымдар және білім беру мекемелері арасындағы үш жақты келісімшарт жасау мамандардың тәжірибеден өте жүріп, жергілікті жерлерде жұмысқа қалуын қамтамасыз ететін маңызды шара болмақ.

Сонымен қатар жас мамандарға арналған әлеуметтік қолдау, соның ішінде кадрларды денсаулық сақтау жүйесінде ұстап қалу үшін өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды күшейту қажет.

Министрліктегілер мұндай қадамдар кадрлық тапшылық мәселесін анағұрлым тиімдірек шешуге септік етіп, елдің денсаулық сақтау жүйесін тұрақты дамытуды қамтамасыз етеді деп санайды.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp