Арт-нысан Атырау көпірінің жанындағы Есіл өзенінің жағасында әншінің жанкүйерлерінің қатысуымен ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жобаның бастамашысы – продюсер Азат Әбікен.
«Дархан біздің жақын досымыз еді. Бүгін ашылған өнер нысаны музыканттарды қызығатын жаңа орынға айналады. Дарханның әндері үнемі айтылады, оның әндері ұмытылмайды. Ал қазір біз оған символизм бердік. Елордада әдемі орын ашылды. Қазір біз музыканттың шығармашылығы туралы деректі фильм түсіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ Дарханның екінші альбомын шығаруға дайындалып жатырмыз», – дейді Азат Әбікен.
Орындықтың дизайнын танымал көше суретшілері Ғалымжан Балсары мен Батыржан Сәдуақасов әзірледі.
Орындықта музыканттың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат алуға болатын QR коды бар тақта қойылған. Сонымен бірге ол жаңа әуендер, кездесулер мен шабыт алаңына айналады.
Іс-шарада Дархан Жүнісбековтің достары мен жақындары естеліктерімен бөлісіп, сүйікті әндерін орындады. Оның туындыларын танымал әншілер – ZAQ, MoFaShi, Хаким Мукарам музыканттары орындады.
Іс-шараны Green Case Group компаниясы New Level компаниясының, Сарыарқа ауданы әкімдігінің, Астана қаласының жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.