Су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?

Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін әр өңірге су үнемдеу жүйелері орнатылған егіс алқаптарын ұлғайту бойынша нақты индикаторлар белгілеп, 2030 жылдың соңына дейін кезеңдік жоспар әзірледі, деп мәлімдейді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

“Осылайша, 2030 жылдың соңына қарай республикадағы суармалы жерлердің жалпы көлемінің 50%-дан астамын су үнемдеу технологияларымен қамту арқылы жылына 2,1 текше шақырымға дейін су үнемдеу жоспарланып отыр.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайты. Бұл заманауи суару жүйелерін сатып алу, сондай-ақ барлық қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету шығындарын өтеуге көмектеседі” – делінген хабарламада.

Жаңа Су кодексінде су үнемдеу технологияларын енгізу дәрежесіне қарай субсидия және су беру қызметтері үшін төмендетілген тарифтер түріндегі мемлекеттік қолдау іс-шаралары көзделген. Сондай-ақ, суармалы су тарифін өсірілетін дақылдардың түріне және олар тұтынатын су көлеміне қарай есептеу ұсынылып отыр.

Бұдан бөлек, елімізде ұңғымаларды бұрғылау шығындарын субсидиялау көлемі де 80%-ға дейін ұлғайтылды.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp