Шыңғыс хан қабірі қазақ жерінде болуы мүмкін – Хангелді Әбжанов

ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов биыл 800 жылдығы тойланып жатқан Жошы ұлысы туралы ой-пікірмен бөлісті.

Тарихшының айтуынша, Қазақ хандығының алғашқы хандарынан бастап, барлық ел билеушілері Жошының ұрпақтары болған.

– Керей мен Жәнібектен бастап, барлық қазақ хандары – Жошының ұрпағы. Біз мемлекетіміздің тарихын бастағанда да, жалғастырғанда да Шыңғыс ханның ұрпақтарына борыштармыз. Әлиханның “мемлекеті жоқ халық, жетім халық” деген сөзі бар. Яғни, бізді жетімдіктен сақтап қалған, біздің тұлға бойымыздағы жасапаз құдірет күшін ашуға серттескен Жошы ұрпағы. Жошының қазақ жерінде жатқанының өзі – біз Жошы ұрпағына борыштар екенімізді білдіреді, – деді ол.

Хангелді Әбжанов Жошы ұлысы туралы ойымен бөлісе отырып, Шыңғыс ханның қабірі туралы болжам айтып өтті.

– Енді бір мәселе бар. 1227 жылы Жошы дүниеден өтті. Осы жылдың күзінде баласының басына Шыңғыс хан келді, бұл – ақиқат. Шыңғыс ханның мәйіті осында жату мүмкін, себебі ол да сол жылы күзде қайтыс болды. Ал енді алыс Моңғолияға қайтып барды деп айта алмаймын. Баласының қасында, содан алыс емес жерде жатқан шығар. Шыңғыс хан қазақ дегенде осындай байланысты да еске алуға болады. Мүмкін, қазақ жерінде салғаннан кейін оның зиратын жасырып қойған шығар, – деді профессор.

Сондай-ақ ол ұлық ұлыс туралы кеңестік кезеңдегі деректер мен зерттеулерді қайта қарау керек екенін айтты.

– Жошы ұлысының құрамына кіріп, әлемнің тарихына араластық және оны ары қарай көтердік. Сол әлеует 3 ғасырға созылған отарлық саясатынан аман алып қалды. Шетелдік ғалымдар Жошы ұлысына қатысты кеңестік кезеңдегі деректерді қайта керек деп жүр. Олар дұрыс айтады. Өйткені кеңестік өктемдік тұсында, идеологиялық өктемдік тұсында Шығыста өркениет, мәдениет, ілгерілеу деген болған жоқ. Ресей ғалымдары Шыңғыс ханды бүлдіруші, қиратушы, ешқандай прогресске жол ашпаған дегендей көрсетті. Сол түсінік бәрімізде қалыптасып қалды. Сөйтсек Шыңғыс ханның, Жошының жаулап алғаны рас, бірақ апат әкелмеген екен. Қайта біздің құрамымызға кіріп, біздің салтымыз бар, рухани жетістігіміз бар – осының бәрін алып, байыды. Демек, кеңестік идеология қалыптасқан орта ғасырдың тарихын жаңадан пайымдауымыз керек. Ми қазанымызда жаңадан қорытуымыз керек. Оған басқа қырынан қарауымыз керек, – деді Хангелді Әбжанов.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp