Жаңалықтар

Октябрь ауданына Әлихан Бөкейханның есімі беріледі

Қарағандыда қалалық мәслихаттың IV кезектен тыс сессиясы өтіп, Октябрь ауданын Әлихан Бөкейхан атындағы аудан деп қайта атау жөніндегі Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысы мен қалалық мәслихатының шешімі талқыға түсті.  

Кезектен тыс сессияға ZOOM платформасы арқылы ойлайн,  сонымен қатар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып,залда қала әкімі мен Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, қаланың мемлекеттік органдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Кезектен тыс сессияда «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшысы Б.С.Нұртаева, сондай-ақ қалалық мәслихаттың заңдылық және адам құқықтары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Е.Б.Жүнісов баяндама жасады.

Депутаттар мен Қарағанды қаласы әкімдігінің мүшелері Қарағанды қаласының Октябрь ауданын Әлихан Бөкейхан атындағы аудан деп қайта атау жөніндегі жобаға дауыс берді. Халық қалаулылары Алаш көсемінің есімін ауданға беру шешімін бір ауыздан қолдады.

Бірлескен қалалық мәслихаттың қабылданған шешімі мен қала әкімдігінің қаулысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Октябрь ауданын қайта атау туралы мәселе бойынша қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясына жолданатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан атауын беру жөнінде қоғамдық тыңдау өткен болатын. Тыңдау кезінде қала халқының басым көпшілігі аудан атын өзгертуді қолдаған еді.

saryarqanews.kz

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button