Серікбол Хасен

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (3: 4,67 / 5)
Loading...

Мен жиырмасыншы ғасырда өлген шығармын?!

Әйтпесе соңына қарай тумас ем,

Мен ашаршылықта өз сәбиін ас қылып,

Репрессияда да оқ тиіп, тірідей көмілген,

Менің арсыздығым жер астынанда байқалып,

Арсыздар табынуға қабірімді қазып алғандай.

Мен сосын қазақ болудан қорқақатап,

Еврей болып көрмек ем,

Немістің ұлы бункерде қорлап біткесін,

Артымнан соққан желге ығысып,

Ұлылық жайлы өтірік айта салғым келгені-ай.

Сонда Құдайды кешірмеуге ант ішіп,

Ғибадатханада әулие атандым.

Әулиелердің арасында ой айту қиын,

Оларды тіпті ояту қиын, ойлардан.

О екіжүзділік, анасы әне жазушы,

Мынасы отыр ақын боп,

Бәрінің айтпағы бір-ақ ой,

Күнәғой! Күнәһәр Құдай баламды неге жегіздің,

Арымды неге атқыздың? Күл, күл…

Мен жыладым…

Асқақтап барып құлаған қыран кұсындай,

Ұрпақсыз қалған қысырдай, жыладым.

Ия, сұңқылдап тұрып жыладым,

Ауызыма жасымның дәмі келгенше,

Құдайға деген іштегі сенім өлгенше.

Жыладым.

Құдайды жоқ деп ойлау салуда оңайғой,

Жазасыз егер күнәсін оның кешірсен.

Құдайды жоқ деп ойлаған сәттен бастадым,

Ұлы деп жүрген ұрықсымақтардың қулығын,

Аңғардым, данагөйсіген пәлсапашылы қырттарды.

Қырылған қанша сәбимен, зорланған қанша ананың,

Тағдыры, татымайтынын ұлы ойға.

Меңіреу, дел-құл ойымның, саңылауынан сығалап,

О ізгілік, жазасын берші Құдайдың…

*****

Мен!

Мүмкін есімім дұрыс қойылмағаны үшін ғана,

Өмірім жалғасып жатқан шығар?!

Менде бары тек – ми.

Тәнімді басқарып тұншыққан ләззатқа.

Оның не үшін өйткенін білмеймін,

Мен тірімін бе!? Түртпектек көріңдер,

Мен өзі бармын ба?!

Қадірді қашырған не сиқыр,

Арбаған алдамшы өтірік, көзім жыпылық қағады.

Не көрдім? Білмеймін! Бәрі де құр сағым.

Мидағы естелік.

Айналам қалай атаса,

менде өзімді «дәл солмын» – деп, сендірдім.

Ия! Мен солмын, қолыма қаншама қиянат жасатқан,

Миымның айтарын дауыстап шыңғырған,

Жаңғырық! Өзіме өзімді танытты.

Мен кімді не үшін тыңдадым, білмеймін…

Оу, тән ішіндегі ойлар! Сендер кімсіңдер?

Сүлдірді сүйретіп біз қайда барамыз?!

Сол селеуетіме дейін түбі шіріп,

Миымның ақпары ауаға сіңеді.

Сонда мен жоқпын ба?

Не үшін ояндым?!

Оныда білмеймін!

Бірақ, «Өмір» дейтін атауда тәнімді сүйрету үшін,

Оянуым керек екен!

.

Алып бір жарық жұлдызды айналған,

Тастар мен шаң-тозан, газдардың ішінде,

Бір тас бар!

Ол көп қылмысты жасырып, тіршілік иесін жаратқан.

Тіршілік ішінде мен бармын!

Біз көппіз, бірақ жалғызбыз!

Ешкімге керексіз, елеусіз айналған бір таста,

Қаншама ғұмыр мен арман бар.

Махаббат, адалдық бар жоғын білмедім.

Бірақ ол сөздер жиі айтылады, миым естіп тұрады.

Ешкімге керексіз болсақта, біреуге керектей жүреміз!

Бірақ, ол өзін қалай атайтынын білмеймін,

Адамдар «Құдай» – деп, атайтын біреуге керекпіз дейдіғой,

Білмедім!

Олда мен секілді жәй ғана, есімін дұрыс атамаған үшін

«Құдай» болып жүрген шығар?!

Әйтпесе оның ендігі іші пысатын уақыты болдығой,

Өзіне табындыруға миларды жасаса, несіне ойлауды жаратты?!

Оданда жарықты айналған таста қалып, үмітпен өлгенім жақсығой.

Миымның мәңгілік ұйқыға кеткені,

Ауаға сіңгені ақпардың…

 

3)

Мен – өте нашармын, өлімнен қорқуға,

Өлім – өзіме тым жеңіл, біреуге зор қайғы.

Өлім – әзірге дін болып әлемді жортуда,

Себебі; өлімнің әлсізі болмайды.

Өлім – одан қорғаным Құдай деп ұққандар (бар әлі),

Жер – жұмақтан үмітті пенделер парады.

Жер – Тәухана, таласқан араппен еврей құдайы,

Жер – “Құдайлар мекені” ашылған араны.

Жер – қаңқасы шаршады тәндерді қабылдап,

Жер – бақытсыз! Аспан – тамұқ тым.

Өлім – тек сырттай әр түрлі, ал іштей біп-бірдей.

Мен – екінші өмірден жалықтым….

 

 

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp