Жаңалықтар

«ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – ҚАЗАҚ ЕЛІ МЕН ЖЕРІНІҢ ТҰТАСТЫҚ РӘМІЗІ»

Ұлт-азаттық Алаш қозғалысының көсемі, Алаш Орда үкіметінің төрағасы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, энциклопедист-ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай Нұр-Сұлтан қаласында «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – ҚАЗАҚ ЕЛІ МЕН ЖЕРІНІҢ ТҰТАСТЫҚ РӘМІЗІ» атты халықаралық онлайн конференция өтеді

2021 жылдың 3 наурызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бас ғимаратының ғылыми кеңес залында (№ 259, 2-қабат) сағат 14.00-де Еуразия ұлттық университеті «Алаш» мәдениет және рухани даму институты, ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен ұлт-азаттық Алаш қозғалысының көсемі, Алаш Орда үкіметінің төрағасы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, энциклопедист-ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына арналған «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – ҚАЗАҚ ЕЛІ МЕН ЖЕРІНІҢ ТҰТАСТЫҚ РӘМІЗІ» халықаралық онлайн конференциясы өтеді.

Конференция жұмысына еліміздің белгілі алаштанушыларымен қатар Түркия Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан Республикасының тарихшы-ғалымдары қатысып, баяндама жасайды.

Халықаралық конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ғалымдар мен қаламгерлер, жас алаштанушылар және БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button