[:kk]Ауру жағдайлары кезең кезеңімен артып келеді-Бекшин Алматыдағы ахуал туралы[:]

[:kk]Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейі артып келеді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Alash24.kz

«Ахуал салыстырмалы түрде алғанда қазір тұрақты. Ауру жағдайлары кезең кезеңімен артып келеді. Айдың басымен салыстырғанда ол кезде күніне 3-5 жағдай тіркелетін, қазір күніне 15-20 адам тіркеледі», – деді  Жандарбек Бекшин.

Қаланың бас санитарының айтуынша, тәуліктік өсім 0,1%, репродуктивті сан R, яғни таралу индексі – 1,88. Бұл көрсеткіштерді былай түсінуге болады: R>1 – эпидемия өсіп келеді, R=1– эпидемия бұрынғыдай, R<1 – эпидемия төмендеп келеді.

Алматыда COVID-19 тіркелгелі бері 14 622 жағдай лабораториялық жолмен расталды. Оның 8 791-і симптомды, 5 871-і симптомсыз болып отыр. 1 тамыздан бастап (коронавирус пневмониясы есебі енгізілген кез) 998 коронавирус пневмониясы тіркелген.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp