[:kk]АШМ басшысы құс тұмауы бойынша елдегі эпизоотиялық ахуалды баяндады[:]

[:kk]2020 жылғы 22 қыркүйектен 19 қазанға дейінгі кезеңде құстардың өлім-жітімі тіркелді, оның ішінде 7 облыста жоғары патогенді құс тұмауына күдік немесе расталған жағдайлар орын алды. Жеке аулаларда 26,5 мың құс басы, 3 құс фермасында 847,4 мың бас қырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды Alash24.kz

Осылайша, жоғары патогенді құс тұмауынан барлығы 873,9 мың бас құс қырылып, бұл жалпы құстардың 1,9%-ын құрады.

С. Омаровтың айтуынша, құстардың өлім-жітімі басталған сәттен бастап Министрлік жанынан және өңірлерде Жедел штаб құрылды, штабтардың отырыстары күнделікті өткізілуде.

«Инфекцияның әр ошағы карантинге қойылып, құстарды және құс шаруашылығы өнімін әкелуге және әкетуге тыйым салынды, инфекция ошағын жоя отырып және дезинфекция жүргізе отырып, оқшаулау және жою шаралары жүргізіліп жатыр», — деді ауыл шаруашылығы министрі.

Буферлік аймақ құру үшін жабайы құстардың ұшып келу жолында үй құстарын мәжбүрлеп вакциналау үшін ветеринариялық препараттардың республикалық қорынан 4,4 млн доза көлемінде құс тұмауына қарсы вакцина бөлінді.

«Бүгінде жеті облыстағы жеке аулаларда құстардың өлім-жітімі тоқтатылды, 3 құс фермасында құстардың қырылуы азайды, ауру құстарды жою және олардың иелеріне құнын өтеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Эпизоотиялық ахуал Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыстар әкімдіктерінің тұрақты бақылауында», — деп сендірді ведомство басшысы.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp