[:kk]Асылбек Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды[:]

[:kk]

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Асылбек Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Alash24.kz

“ҚР Парламенті Мәжілісінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі А.Смағұловты ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулысының негізінде қабылданған ҚР ОСК-ның 2020 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, депутат Асылбек Айжарықұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамын”, деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин.

Жалпы отырыс барысында палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.

Айта кетейік, жуырда Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұлов Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды. Ол 2016 жылғы 24 наурыз айынан бастап Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp