[:kk]Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомураны қабылдады, деп хабарлайды Alash24.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ-ның өкіліне еліміздегі миссиясының аяқталуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыстады. Сыртқы саяси ведомство басшысы Норимаса Шимомураға БҰҰ-мен қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ Дүниежүзілік ұйым алаңында қазақстандық бастамаларды жүзеге асыруда белсенді қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты», – деп жазылды ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында.
[:]