Абай еліндегі Халықаралық дирижерлер фестивалі

Абай облысы әкімдігінің қолдауымен және Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның 80 жылдық мерейтойына арналған өнер апталығы жалғасуда. Осы ауқымды бағдарлама аясында Халықаралық дирижерлер фестивалі ұйымдастырылып, классикалық музыкаға арналған айрықша мәдени алаң қалыптасты.

Фестивальге еліміздің дирижерлік өнерінде өзіндік мектебін қалыптастырған танымал маэстролармен қатар, Қырғыз Республикасынан және Ресей Федерациясының Алтай Республикасынан арнайы шақырылған шеберлер қатысты. Барлығы 14 дирижер сахна төріне көтеріліп, оркестрді басқару арқылы классикалық музыка өнерінің тереңдігі мен орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейін паш етті.

Кештің ең әсерлі сәті – дирижерлер шеруі болды. Әр маэстроның өзіне тән серпіні мен сезімге құрылған үйлесімді қимылы оркестрдің қуатты орындауымен үндесіп, көрермен қауымға ерекше әсер сыйлады. Бұл көрініс шығармашылық бірлік пен кәсібиліктің, музыкалық мәдениеттің биік құндылықтарын айқын көрсетті.

Халықаралық дирижерлер фестивалі мерейтойлық апталықтың көркем деңгейін арттырып, өңірдің мәдени тынысына тың серпін берді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp