Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты. Бұл туралы Kazinform тілшісіне ҚР Президенті жанындағы Рақымшылық мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы, Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов айтып берді.
Депутат Конституцияға сәйкес Қазақстанда рақымшылық жасау құқығы президентке тиесілі екенін еске салды.
«ҚР Президенті жанындағы Рақымшылық жасау жөніндегі комиссия Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Кәрім Мәсімовке рақымшылық беруден бас тартуды ұсынды, мұнымен Қазақстан Президенті келісті», – деді Марат Башимов.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың қаңтарында К. Мәсімовке қатысты сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.